1
/30
1-қадам

Эмоцияларды байқап, тыныштандыруды үйренеміз.

Балаңызға ызаңыз келіп, ашулана бастағаныңызды сезіп тұрсыз ба? Соны байқап қалуға тырысыңыз – эмоцияға салып әрекет етпей, 10 рет терең, баяу тыныс алыңыз. Күйіңіз бен ойларыңыздағы өзгерістерді бақылап отырыңыз.

Кез келген күшті эмоция әдетте бірнеше минуттан аспайды. Кемі бір минут тыныс алсаңыз, реніш тудыратын сөздер мен әрекеттерден аулақ бола аласыз. Тыныс алу жүйке жүйесінің қозуын басып, диалогқа тынышталып оралуға сеп болады.

Өзіңізге қоятын бонус-сұрақ:

Эмоциям ушығып тұрған сәтте әрекет етсем, біз жақындай түсеміз бе, алыстай береміз бе?

Бас бетке
2-қадам

Жазғырмай диалог құру.

Дауласпай, шындап сөйлесу үшін «Мен-хабарламаларды» қолданып көріңіз. Ол – біреуді сынамай, өз сезімдеріңізді ортаға салу деген сөз.

Мысалы:

«Сен мені тыңдамайсың!» дегеннің орнына, «Сен жауап бермегенде мен жабырқап қаламын. Маған айтқанымды біреу тыңдағаны маңызды. Осы мәселені менімен бірге талқылауға бірнеше минут бөле аласың ба?» деңіз.

Байқап көріңіз:

Алдымен, қасыңыздағы адамды жазғырмай, өз сезімдеріңізді айтыңыз. Содан кейін сізге не және неліктен маңызды екенін айтыңыз. Және — оның орнына не қалайтыныңызды білдіріңіз.

Өзіңіз әдетте жазғыра айтатын 10 сөйлемді жазып, осы тәсілге салып, оларды қайта құрыңыз. Бұл тәсіл диалогты жылы әрі шынайырақ етеді.

Бас бетке
3-қадам

Ал өзіңіз қалай сөйлесесіз?

Үш күн бойы балаңызбен қалай сөйлесетініңізді байқап көріңіз: дауысыңыз қалай шығады? Көбірек тыңдайсыз ба немесе ақыл айта бересіз бе? Балаңыздың пікірін қаншалықты жиі құрметтеп, ескеріп отырасыз? Өзіңіз сияқты бір адаммен сөйлесе қалсаңыз, ондай диалогқа қатысқыңыз келер ме еді?

Кейде ұстаз, сыншы болып кететінімізді, қолдаушы, қызығушы, қамқор ата-ана рөлінен мүлде айырылып қалатынымызды өзіміз де байқамай жатамыз.

Ата-ана ретінде не істеп жүргеніңіз ғана емес, оны нақты қалай айтып, қалай істеп жүргеніңіз де маңызды. Бір нәрсені өзгертемін десеңіз, алдымен оны байқау керек.

Көреміз бе?

Бас бетке
4-қадам

Шын жүректен кешірім сұрау.

Өзіңіз әділетсіз әрекет еткен бір жағдайды таңдап алып, сол үшін балаңыздан кешірім сұрап көріңіз. Нақты нені қате істегеніңізді, неге кешірім сұрайтыныңызды және өкінетініңізді айтыңыз.

Сенімге сүйенетін қарым-қатынастың бір негізі - сыйластық. Біз бұрыс нәрсе істеп, өзге адамды ренжітіп алуымыз мүмкін екенін мойындай алу. Қателескенімізді мойындап, соны айтқанда, балаға: маған сенің сезімдерің маңызды, мен әділетсіз болған тұстарымды көріп тұрмын әрі соған өкініп тұрмын дегенді жеткіземіз.

Бұл тәжірибені қарым-қатынасыңыздың тұрақты бір бөлігіне айналдырып көріңіз.

Бас бетке
5-қадам

Фильм – көпір.

Балаңыз сізбен бірге көрсем дейтін фильм не мультфильм таңдасын.

Содан кейін жай ғана әңгімелесіңіздер: Балаңыз неге нақты сол фильмді таңдады? Фильмде оған не ұнайды және не ұнамайды? Фильмнен кейінгі ойлары мен сезімдері қандай? Оған қай кейіпкер және неге ұнайды?

Кейде бір фильм ұзақ әңгімеден де көп нәрсе жеткізеді. Бұл – әуестікке, сюжетке емес, баланың ішкі әлемінде болып жатқан нәрсеге деген әуестікке қатысты әңгіме. Адамды баға бере отырып емес, көңіл бөле отырып тыңдайтын жерде туатын сенімге қатысты.

Экранға ғана емес, бір-біріңізге де қарап, жай ғана бірге отырып көріңіздер.

Бас бетке
6-қадам

Мақтау айтатын себептер.

Кейде бір күн зу етіп өте шығады да, қаншама жақсы нәрсе елеусіз қалады.

Бір апта бойы кеш сайын кемі бір сәтті еске алып, балаңызды мақтап отырыңыз. Тіпті әрекетін де емес, жай ғана ниетін, талпынысын, қадамын мақтаңыз.

Бір-ақ ұсыныс берер мүмкіндігіміз болса, осыны ұсынар едік.

Мақтау, қолдау және сенімнен маңызды ештеңе жоқ. Баланың көзіне нұр беретін ең қуатты нәрсе – жылы сөз. Біздің көңіліміздің жылуы түскен нәрсе ғана өсіп, өркендейді.

Ал адамның өзіне деген сенімі көбіне оған бір кездері бір жақын адамы қалай қарағанынан басталады.

Бас бетке
7-қадам

Ережесін сен қоятын күн.

Балаңызға бір күнді бірге өткізейік, тек бәрін өзі ұйғарсын деп ұсыныңыз. Серуендеп қайтасыздар ма, ойнайсыздар ма, бір жақсы көретін жеріне барасыздар ма?

Бастысы – кеңес беріп, түзетіп отырмай, жай ғана оның қалауына ере беріңіз.

Кейде дәл осы нәрсе — ешбір шарт қоймай тыңдап, қолдай білу — бала үшін нағыз сый болуы мүмкін. Мұндай күн баланың есінде қалай күліп-ойнағанын емес, "үлкендер менімен санасады, менің таңдағаным маңызды" деген сезімін сақтап қалатын естелікке айналып кете барады.

Айтпақшы, балаңызды әлдебір іс барысында да, жай ғана таңдағаны үшін де мақтап отыруды ұмытып кетпеңіз

Бас бетке
8-қадам

Балаңыздың қасына отырып, оны құшағыңызға алыңыз.

Жай ғана. Телефонға қарамай, асықпай, құшақтасып бір-екі минут отыра тұрыңыздар.

Ол арада жай ғана мейірленіп: «Сендей балам барына шүкір», «Сен сондай _____сың», «Сені жақсы көремін. Әрқашан» деп ақырып айтып отыруға болады.

Бала ұзақ құшақтасуға дайын болмаса, қинамаңыз. 30 секундтан бастаңыз. Бастысы форма емес, шынайылық.

Денелер жанасып, жылы сөз айтылғаны жүйке жүйесін тыныштандыруға сеп болады. Бұл қауіпсіздік, тиесілілік және риясыз жақсы көру сезімін арттырады. Балаға ата-анасы оны жақсы көріп, әлдебір табысы үшін емес, жай ғана қабылдағанын денесімен сезген маңызды. Мұндай сәттер қайта айналып соға бергің келетін зәкірге айналуы мүмкін.

Бас бетке
9-қадам

Сен менің ата-анам болсаң қайтер едің?

Кейде, тым құрығанда ойша орын ауысып тұрған да пайдалы. Мұндай әңгімені: «Сен менің анамның/әкемнің орнында болсаң, маған қалай қарар едің? Нақты не істеп, не істемес едің?», «Бізге жақынырақ болуға не көмектеседі деп ойлайсың?» дегендей сұрақтардан бастап көріңіз.

Алдын ала «ештеңеге ренжімеймін, ыза болмаймын» деп айтып қойған маңызды. Өзіңізге маңызды әрі қызық болар әлдебір нәрсені еститініңізге сенімдіміз.

Мұндай сұрақтар – шынайы болып, мінсіз емес екеніңізді ересек адамша мойындау жолындағы бір қадам. Мұндай әңгімеде «Шынымды айтуға болады және оған сөгіс естімеймін» деген түсінік туады.

Балаңызды сезімдерін айтқаны үшін мақтап қоюды ұмытпаңыз

Бас бетке
10-қадам

Кішкентай жеңістер туралы.

Біз көбінесе тауымыз шағылған сәттерді байқаймыз да, қаншама жетістікке жеткенімізді ұмытып кетеміз. Балаңызға: «Білесің бе, мен бұрын, ең басында саған ____ қиын болғанын есіме түсірдім, ал қазір сен ___, ____ және тіпті _____ жасай аласың! Жап-жақсы істей аласың!» деп айтып көріңіз.

Мұндай әңгіме балаға өзінің жеке жолын байқап, өзіне сене бастауына сеп болады. Өйткені оны өзгелермен салыстырмай, бұрын қандай болғанына және қазір қандай екеніне қараған маңызды.

Кіп-кішкентай болса да, прогресске мақтау айтыңыз.

Әрі мына нәрсе есіңізде болсын: «Мен сені мақтан тұтамын» деген сөзді естігенде баланың көзі ерекше жайнап кетеді.

Бас бетке
11-қадам

Бар болғаныңа шүкір

Балаңызға рақмет айтатындай 5 нәрсені жазыңыз. «Сол жолы мені құшақтап алғаныңа рақмет», «Тырысқаныңа рақмет», «_____ еске салғаныңа рақмет» дегендей әлдебір үлкен не қарапайым нәрселер бола береді.

Ашық, байыпты сөйлеңіз.

Алғыс айту – махаббат пен мойындау тілі. Ол түзетпейді, күшейтеді. Сіз «рақмет» дегенде, балаңыз өзінің құнды екенін сезінеді әрі онымен араңыз жылынып, нығая түседі.

Бұл көңілге, құрметке және қолдауға толы қарым-қатынас қалыптастыруға сеп болады.

Бас бетке
12-қадам

Бейтаныс, жаңа жерге бірге барыңыздар

Бұрын екеуіңіз де істеп көрмеген, бірақ көрсем ғой деп жүрген нәрселердің тізімін жасаңыздар. Екеуіңізге ортақ болып шыққан бір нәрсені таңдап, оны бірге байқап көріңіздер. Мысалы, жаңа балалар іс-шарасына, қаладағы бір мерекеге, орманға, экскурсияға, біртүрлі мұражайға, әткеншек саябағына барыңыздар.

Жаңа нәрсені бірге зерттегенде араларыңыз жақындай түседі. Сонда әдеттегі «ата-ана-бала» рөлінен шығып, тәжірибесі ортақ серіктес болып табысасыздар.

Мұндай сәттерде бала ата-анасы да бірдеңені білмейтінін, ол да таңғала алатынын, бірдеңені істеп көргісі келетінін көреді де, содан шынайы диалогқа, теңдік пен сенімге кеңістік ашылады.

Бір-біріңіздің жаңа, тосын тұстарыңызды тани бастайсыздар.

Бас бетке
13-қадам

Үш күн сын айтпаңыз

Балаңызбен келісім жасаңыз: үш күн бойы ата-ана баланы сынамайды, баға бермейді, қадірін төмендетпейді.

Бала «бақылаушы» болып тағайындалады да ережелер сақталғанын қадағалайды: келісім бұзылып, сын айтылғанда қызыл карта (карталар арасынан тауып алыңыз) көрсетеді.

Мұны ойын деп біліңіз. Соның арқасында ата-ана баласына «баға беру» сүзгісін қолданбай қарайды, ал бала құрмет пен қауіпсіздікті сезінеді.

Сөгіс естіп қаламын ба деген үрей жоқ жерде сенім туады. Ал сенім бар жерде шынайы жақындық болады.

Бас бетке
14-қадам

Бүгін сен – мұғалімсің

Балаға ойын ұсыныңыз: «Кел,сен менің мұғалімім бол, ал мен сенің оқушың болайын. Сені жақынырақ танығым келеді. Әлдебір нәрседе мен сені түсінбейді деп ойлайсың ба? Маған не үйреткің келер еді? Ал мен сенен нені үйренуіме болар еді?».

Оған ұстаз болуға мүмкіндік беріп, өзіңізді ықыласты тыңдаушы деп біліңіз. Ата-ана оқушы рөліне көшкенде, арадағы байланыс өзгереді. Бұл «мен түсіндіремін — сен тыңдайсың» деген үйреншікті сценарийді бұзып, ашық әрі тең дәрежелі диалогқа жол ашады.

Бала өз тәжірибесінің маңызы мен күшін сезінеді. Ол көзге түсе бастайды. Ал сіз оған жақындай түсесіз.

Бас бетке
15-қадам

Сын айтпаймыз, қолдаймыз

Бірнеше күн бойы өзіңізді бақылап көріңіз. Балаңыз бірдеңені істей алмағанда, әдетте не дейсіз? Ал керісінше, ең алдымен оның — тіпті аз болса да — істей алғанына мән беріп көрсеңіз қайтер екен? Одан да бұрын, оның соны істеймін деп тырысқанына мән берсеңіз не болады?

Эксперимент жасап көруге болады: сын айтпай, бірге шешім іздеуге жетелеп, «Ендігі жолы не істеп көруге болады деп ойлайсың?» деп сұрақ қойып көріңіз. Қате — адамның жауы емес, өсу мен даму жолының бір бөлігі.

Сіздің жаныңызда қауіп азырақ болса, баланың үйренуі, бірдеңені істеп көруі, өз күшіне сенімі артуы оңайырақ бола түседі. Нағыз қолдау деген — осы. Жаттығып көреміз бе?

Бас бетке
16-қадам

Рөл ауыстыру.

Кейде орын ауысып көрген де қызық. Бала — «ата-ана» деп елестетіп көріңіз. Енді не істеу керегін сол шешеді, тапсырма береді, бәрінің ретін қадағалайды. Ал сіз — тек тыңдап, орындайсыз… бәлкім аздап тентектік жасап алуға болады 🐒 Бір күн не тіпті бірнеше сағат болса да осылай орын ауысып көріңіздер. Тіпті бүкіл үй-іші бір-бірімен орын ауысуына болады: тұңғыш бала кенже болсын, ана әкеге, әке – анаға айналып көрсін.

Өзге адамның орнына тұрып көргенде, көп нәрсе түсінікті бола түседі. Бала ересек болған қандай екенін көре бастайды. Ал ересектер — баланың ішінде қаншама күш, дербестік пен үнімді біреу естісе деген ықылас барын байқайды. Бұл — шынымен жақындата түсетін тәжірибе.

Бас бетке
17-қадам

«Сенім жолы» ойыны

Бір жақсы нәрсені жасырып қойып,балаңыздың көзін таңып, оны «Алға бір қадам, сәл оңға...» деп дауыспен ғана ертіңіз. Бастардан бұрын оны аздап айналдырып, кеңістіктегі бағдарын жаңылдырып қоюға да болады. Кейін орын ауысыңыздар.

Бұл қарапайым, сөйте тұра маңызды ойын: ол сенуді, көмек қабылдауды және бір команда болуды үйретеді. Оған қоса, жетекші бола білу қабілетін танытып, жақындастыра түседі.

Жеңілдеу нұсқасы да бар: дәл соның бәрін, тек бір-біріңізді қолыңыздан не иығыңыздан ұстап жүріп істеңіздер. Кішкентай балалар болса, екінші ересек адамның бақылауымен ойнаған дұрыс.

Бас бетке
18-қадам

Фото-серуен

Серуендеп жүріп «фотоаулау» 📸 ойынын ойнап көріңіздер — әркім өзіне ерекше, әсерлі немесе жай ғана керемет көрінген 5 сәтті түсіреді. Ең басты ереже: серуендеп жүріп ештеңені талқыламаймыз — тек өз кадрларымызды ұстаймыз. Ал үйге келген соң... көрген-білгенімізді ортаға саламыз! Нені таңдадың? Неге дәл соны таңдадың? Оны көргенде не сездің?

Кейде камерадан өмірде байқала бермейтін нәрселер көрінеді. Бір нәрсеге түрліше қарайтынымызды білгенде таңғалып жатамыз. Не болмаса бірдей қарайтынымызды біліп қуанатынымыз да болады.

Бұл — әлемге баланың көзімен қарау тәсілі, ал бала үшін — суретші, әңгімелеуші және зерттеуші болып көру мүмкіндігі. Ең бастысы, соның бәрі — қызық та көңілді! :)

Бас бетке
19-қадам

Бүгін сен — бас аспазсың!

Бүгін қандай ас пісіретіндеріңізді бала өзі ойлап тапсын. Ол — бас аспаз, ал сіз — көмекшісіз. Қандай азық-түлік керек, қалай пісіріп, дастарқанға қалай қоятынын – бәрін өзі шешеді.

Сіздің міндетіңіз — қолдап отыру және бала сұрамайынша араласпау.

Алдын ала сын айтылмайды, батылырақ болып, қиялға ерік береміз деп келісіп алыңыздар! Бала өзі таңдап, шешім қабылдағанда, ол батыл, креатив әрі жауапты болуды үйренеді. Тіпті оның таңдауы тосын болса да, бастысы – соның бәрін бірге істегендеріңіз.

Оның үстіне бала "ата-анам маған сенеді, менің талғамым маңызды" дегенді сезінеді.

Бас бетке
20-қадам

Сіздер — бір командасыздар

Шағын матч немесе ойын ұйымдастырыңыз: балаңыз екеуіңіз — бір команда болыңыздар, ал сіздерге қарсы басқа жұп (дос, көрші не туыстарыңыз) ойнасын.

Бұл спорт ойыны, үстел ойыны, квест не кез келген жарыс сипатты тапсырма болсын. Бір команда болып, бірге әрекет етесіздер: бір-біріңізге көмектесіп, кеңес беріп, сеніп, қолдап отырасыздар.

Мұндай тәсілді жаттықтырушылар ойыншылар арасы ширығып бара жатқанда қолданады: ширығуды басу үшін оларды бір команда қылып қояды. Бұл тәсіл балаларға бір-біріне сенуді, рөл бөлісіп, күш біріктіруді үйретеді.

Ата-ана мен бала үшін бұл — әдеттегі «ересек балаға қарсы» рөлінен шығып, «біз біргеміз» қалпына ауысу жолы.

Ортақ жеңіс те, ортақ жеңіліс те серіктестік сезімін нығайтып, жағымды өзара әрекеттесу тәжірибесін жасайды.

Бас бетке
21-қадам

Жақындыққа баға беру

Балаға бірнеше тұжырымды бірге талқылап, әрқайсысына 1-5 аралығында баға қоюды ұсыныңыз:

Не спорьте и не защищайтесь — важно понять, что стоит за его чувствами и чего ему хочется иначе.

Низкие оценки — не провал, а подсказка, в каком направлении расти вместе.

1. Отбасымызда біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдап отырамыз.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

2. Мен өз пікірімді айта аламын және отбасым мені шын ниетімен тыңдайды.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

3. Мен көмек сұрай аламын және отбасым маған көмектесетінін білемін.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

4. Менің әр іске тырысатыным көзге түсіп, бағаланады деп сенемін.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

5. Махаббат пен көңілден кенде емеспін. Отбасым мені жақсы көретінін білемін.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

6. Біз ұрсысып қалсақ та, мәселені сабырмен шешуге тырысамыз.[[text-align: start; margin: 1em 0]]

Бас бетке
22-қадам

Мінсіз күн

Балаңызға өзінің бір мінсіз күнін таңертеңнен кешке дейін елестетіп, сипаттап берсін деңіз. Ол не істер еді? Қайда болар еді? Кіммен бірге жүрер еді? Бірге не істер едіңіздер? Бір-ақ шарт бар — телефон ұстамайсыздар және дүкен араламайсыздар. Тек шынымен қалаған нәрселеріңізді істейсіздер. Мүмкіндігінше бұл күнді толық болмаса да, бір бөлігін солай өткізіп көріңіздер.

Мұндай әңгіме баланың нағыз арманын түсінуге көмектеседі.

Бұл — оның ішкі әлеміне үңілу,оған не жетпей жүргенін және не нәрсе шынайы бақыт сыйлайтынын есту мүмкіндігі.

Сонымен қатар, бұл – балаға: «Сені танимын. Маған сенің не сезіп, не қалайтының маңызды» дегенді жеткізу амалы.

Бас бетке
23-қадам

Татуласу рәсімі

Көбінесе ұрыс-керіске себеп болып жататын бір тақырыпты таңдап, жай ғана сөйлесіп көріңіздер. Әңгімеңізді майдалап бастап көріңіз:

  1. Біз осы нәрсеге бола ұрсысып қалғанда, нендей күйде боласың?[[margin: 1em auto; text-align: start; width: 90%]]
  2. Ондай сәттерде саған не жетіспейді, не қалайсың?[[margin: 1em auto; text-align: start; width: 90%]]
  3. Екеуімізге де әділ шешім қандай болар еді?[[margin: 1em auto; text-align: start; width: 90%]]

Кейде «қиын мінездің» тасасында шаршау, реніш не үрей жасырынып жатады. Баланың сөзін бөліп, «дұрысын үйретуге» тырыспай, шын түсінуге ұмтылғанда — сенім туады.

Мұндай диалог өзіңді де, өзгені де тыңдауды әрі  қысым жасамай, дауласпай, бірге шешім іздеуді үйретеді.

Бас бетке
24-қадам

Компастарды салыстыру

Балаңыздан мына нәрселерді сұрап көріңіз:

— Мен сені түсініп тұрғанымды қай кезде сезесің?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Сен менен көмек күтіп, мен көмектеспей қойған жағдай болды ма?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Ол кезде не істегенімді қалар едің?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Бұл — кінәлау емес, шынайы әңгіме.

Мұндай «компас» сіздің қай кезде жолдан тайып кеткеніңізді, ал қай сәтте қатар жүргендеріңізді көруге көмектеседі. Қайтадан бір жолға түсіп, бір бағытта бірге жүре алуға сеп болады. Өйткені сенімнің негізі — әйтеуір емес, шын мәнінде бірге жүру.

Бас бетке
25-қадам

Кім – кім?

Бір-біріңізге (және отбасы мүшелеріне де) ерекше — күлкілі, мейірімді, жылы, лақап аттар ойлап тауып көріңіздер.

Өздеріңізге ғана тән, үйде, ойында немесе жай ғана жылу керек сәтте айтатындай лақап аттар болсын.

Адамның есімін ойнату — ширығуды басып, жақындық сезімін нығайтатын тамаша тәсіл.

Мұндай ерекше лақап аттар арадағы сенімді арттырып, «біз — бір командамыз» деген сезім тудырады. Бұл әсіресе өтпелі кезеңдерде немесе шиеленіс бар кезде қарым-қатынасты орнықты сақтап қалуға көмектеседі. Күнделікті өмірде мұндай «жеке код» екі араны жылытып, қарым-қатынасқа жан бітіріп, шынайылық дарытады.

Бас бетке
26-қадам

Біздің дәстүріміз

Бірге бір отбасылық дәстүр — серуен, ойын, аспаздық кеш немесе өздеріңізге тән басқа бірдеңе ойлап табыңыздар.

Мынандай сұрақтар қойып көріңіз:

— Ай сайын бірге не істегенімізді қалар едің?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Бұл саған неге маңызды?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Онда саған ерекше мәнді не бар?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Келісімді жазып қойып, одан айнымауға тырысыңыз. Мұндай дәстүрлер тұрақтылық әрі «біз — біргеміз» деген сезім сыйлайды.

Тіпті ең қарапайым, қайталанып тұратын әрекеттің өзі жылы тірекке айналып, біз — біргеміз және бұл екеумізге де маңызды дегенді естеріңізге салып тұрады.

Бас бетке
27-қадам

Маған арналған нұсқаулық

Балаңызға (өзіңіз де) «маған арналған нұсқаулық» жасап көрсін деңіз:

— Мен ашуланғанда, мұңайғанда немесе қуанғанда күйім қандай болады?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Ондай сәттерде маған қалай қараған дұрыс?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Мені не жұбатады, не қолдайды? Оны қалағаныңызша – сурет, тізім не комикс түрінде жасауға болады.[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Бала өз бойындағы өзгерістерді байқап, соны қорықпай айтуды үйретеді. Ал ата-ана жағдайды ушықтырып алмай баласын қалай қолдауға болатыны жөнінде нақты нұсқаулық алады.

Мұндай тәсіл өзіңізді түсінуді, сезімдеріңізді ашық айтуды, жақындарыңызбен шын мәнінде жақын болуды үйретеді.

Бас бетке
28-қадам

Қиялдағы әлем

Балаңызға өмірін бір шытырман оқиғалы кітап деп елестетіп көрсін деңіз:

— Ол кітап қалай аталады?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Басты кейіпкер кім? Ол қандай қиындық көреді?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Оған кім көмектеседі? Қуат беретін не нәрсе? Ол неге ұмтылады?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Жауаптарын жай ғана тыңдаңыз, баға бермеңіз. Көбіне бала өз ішкі әлемін осындай кейіпкер арқылы білдіреді.

Майдалап қана мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Кейде өзіңді осылай сезінесің бе?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

— Қаласаң, бірге ойланып, оған қалай көмектесуге болатынын қарастырайық па?[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Балаңызды тыңдап қоймай, оның алаңын шынымен түсінуге тырысып, шешім іздеуді ұсынсаңыз — сенім қалыптасады.

Бас бетке
29-қадам

Біз өткен шақтан келгенбіз

Балаңызбен бірге уақыт капсуласын жасап көріңіздер — ішіне қазіргі күйлеріңізді көрсететін жазбалар, фотосуреттер, ұсақ заттар мен армандарыңызды салыңыздар. Оны бір жылдан, екі жылдан кейін немесе одан да ұзақ уақыттан соң ашатын күнді белгілеңіздер.

Капсуланы сенімді жерге жасырып не көміп қойыңыздар.

Мұндай капсула — сол бір сәтті сақтап қалып, «біз бірге едік әрі бұл маңызды еді» дегенді көрсетудің сиқырлы амалы.

Оны тауып алғанда сіздер қандай болып өзгеретіндеріңізді кім білсін? Уақыт капсуласын жасау ортақ тарих сезімін қалыптастырып, «қазір» ғана емес, келешекте де қарым-қатынастарыңыздың маңызын сезінуге сеп болады.

Бас бетке
30-қадам

Сенім белгісі

Саяхатты ерекше рәсіммен аяқтаңыз. Енді сіздер — бір командасыздар және әрқайсыңыздың сезім білдіретін сиқырлы белгіңіз болуға тиіс.

Балаға жасыл, сары және қызыл түсті үш карта беріңіз. Бұл — оның жеке белгілері:

🟢 Бәрі тамаша, жиі-жиі осылай болып тұрсыншы.[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

🟡 Бірдеңе дұрыс емес, сөйлесейікші.[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

🔴 Маған қиын, мұны тоқтатқым келеді.[[width: 70%; text-align: start; margin: 1em auto]]

Балаңызға «Сөзбен жеткізе алмасаң — жай ғана картаны көрсет. Мен соны көремін әрі естимін. Ол туралы сөйлесіп, шешім табамыз» деңіз.

Бірнеше күн бойы осы карталармен ойнап, кейін оларды сенімнің отбасылық рәмізі, адалдықтың, еркіндік пен көңілдің белгісі етіп сақтап қойыңыздар.

Бас бетке