1

inDrive қауіпсіз әрі позитив ортада өсу — әр баланың әділ құқығы дейді

Сондықтан біз балаларға арналған Supernovas тегін футбол үйірмелерін құрдық: онда бапкерлер балаларға қауіпсіз әрі бір-біріне сенетіндей орта қалыптастырады.

width: 50%

Ал «Қадам басқан сайын жақын бола түсеміз» ойыны сол құндылықтарды үйге апарып, отбасында жылы қарым-қатынас қалыптастыруға сеп болады.

2

Карта таңдап, қадамдарды орындап, балаңызбен жақынырақ бола түсіңіз

Ойын нені үйретеді:

  • тыңдап, ой жеткізуді
  • таңдауға мұрсат беріп, келісуді
  • шынайы әуестенуді
  • ақыл айтпай, қатар болуды

Бұл қандай карталар?

Бұл — балаңызбен жақындасып, сенімді қарым-қатынас орнатуға жетелейтін 30 қадамдық ойын жолы.

Ол қадам-қадамымен сізді сенімге сүйенетін қарым-қатынас құру жолымен өткізеді де, балаңызды ғана емес, өз-өзіңізді де түсінуіңізге сеп болады.

3

Үш күн сайын бір тапсырма өткен дұрыс болады дейміз. Ал қарқынын өзіңіз таңдайсыз.

Бастысы – тұрақты әрі ашық-жарқын, шынайы болғаны. Күнтізбе жасап қоюға болады: әр қадамды белгілеп, жаңа нәрсені танығандарыңызға қуанып, ерекше әсер еткен тапсырмаларға оралып отырыңыздар. Күнтізбе – жай бір іс істеп жүргендеріңізді емес, жақынырақ бола түспек ниетіңізді еске салып тұрады.

Сенім деген — марафон не спринт емес. Ол – жол. Әркімнің өз жолы бар, бастысы — жүре беру.

width: 40%; margin-top: 4dvh
4

Карталарды жасағандағы мақсатымыз не?

Осы карталар арқылы Supernovas идеялары алаңда ғана емес, үйде, мектепте, өмірде де қолданылсын деп,  жаттықтырушылардың табысты тәжірибесін көрсетеміз.

Әр тапсырма көңілді ғана емес, психология жағынан да дәл болсын деп, жобаны Sezim платформасының тәжірибелі психологтарымен бірлесіп әзірледік.

width: 90%; margin-top: 5dvh;
5

Ойнаңыздар, сөйлесіңіздер, бір-біріңізге көңіл бөліңіздер. Адам өсіп-өркендеуге ұмтылардай қауіпсіз орта құруға бастар жол осы.

Қадам жасау оңай болмай, ашуыңыз келіп кететін, шаршағаннан қатал болып кететін кездеріңізде жол осымен бітпейтіні, бұл тек қолдау керек кез екені есіңізде болсын.

Бұл тек қолдауды қажет ететін сәт.

Sezim платформасында кез келген психологтың бірінші консультациясына 50% жеңілдік алу үшін SUPERNOVAS50 промокодын пайдаланыңыз.

6

Жан жылуы мен жақындыққа бастар жолға аттанайық

1. Қысым болмасын. Бала дайын болмаса, ештеңе етпейді. Сәл кідіре тұрыңыз не басқа бір ойын ұсынып алдандырыңыз. Балаңыз кейіннен қызығып, әуестене бастауы мүмкін.

2. Жүрегіңізбен тыңдаңыз. Асықпай, телефонға қарамай, түзетпей істеңіз. Жай ғана шынайы, зейін қойып, қасында болыңыз.

3. Баға бермеңіз. Өзіңізді де, баланы да салыстырмаңыз. Бұл жерде жарысу жоқ, жақындық қана бар.

4. Эмоция — қалыпты жайт. Күшті бір сезім лап ете қалып жатса, түзетпеңіз, тек қасында болыңыз. Кейде әншейін құшақтап, «Мен қасыңдамын» деген керек.

5. Бастысы — жылу. Керегі — мінсіздік не «дұрыстық емес», балаңызға сүйсініп, оның қасында болғаныңыз. Ең баға жетпес нәрсе — сол.